Қоғам

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі ұсталды

Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бизнесмен Еркін Әмірханов екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді

АСТАНА, 23 мамыр— Sputnik.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Центрказэнергомонтаж" АҚ сатып алу қызметі жөніндегі бұрынғы төрағасы Еркін Әмірхановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.  

Прокуратура - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қарағандыда прокурор ұсталды

"Әмірханов ҚР Қылмыстық кодексінің 253-бабы 6-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылықты (коммерциялық мақсатта параға сатып алу) жасады деген күдікке ілінді", — деп жазылған ҰҚК хабарламасында. 

Ведомствоның мәліметінше, бизнесмен 5 мамырда ұсталған. Келесі күні Астана қаласы №2 Есіл аудандық соты Әмірхановты екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.   

Еркін Әмірханов – 48жастағы бизнесмен. Forbes Қазақстан нұсқасы бойынша ең бай 50 қазақстандықтың қатарына кіреді. Басылымның мәліметінше, оның дәулеті  2017 жылдың мамырында 135 миллион долларға бағаланған.  

"ЦАТЭК" АҚ дауыс беретін акцияларының 31%-ы Әмірхановқа тиесілі. "Эксимбанк Қазақстан"АҚ, "ЦАТЭК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, "Павлодарэнерго" АҚ, "СевКазЭнерго" АҚ, "АРЭК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.  


Жаңалықтар
0