Әлем

Ауруханаға ангинамен түскен 8 жасар бала көз жұмды

Бала жөтеле бастап, тамағы ауырғаннан кейін оны дәрігерлер ауруханаға жатқызған
Sputnik

АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Бішкектегі № 3 клиникалық балалар ауруханасында сегіз жасар бала көз жұмды. Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға оның әпкесі хабарлаған.

Қарағандыда екі жасар бала тіс емханасында көз жұмды

Оның айтуынша, 9 сәуір күні бауыры жөтеле бастаған, тамағы ауырған соң ауруханаға жатқызылады.  

"Тамағы ара-тұра мазалап тұратын. Аурухағана жатқызылғанға дейін жағдайы жақсы болды, алайда біраз уақыттан кейін комаға түсті. 16 мамыр күні көз жазып қалдық. Екінші сыныпта оқитын", — деді ол.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі баланың ангинасы асқынып кеткенін хабарлады. Оған өткір жақ асты лимфодениті деген диагноз қойылған. Оның жағдайы нашарлап кеткендіктен жан сақтау бөліміне жатқызылыпты. Баланың неден көз жұмғанын талқылайтын комиссия құрылды.