Қоғам

Астанадағы дауылдан кейін 13 адам жедел жәрдем қызметіне жүгінді

"Қазгидромет" хабарлауынша, 22 мамырда елорда аумағында екпіні 25 м/с-ке жететін дауыл соқты
Sputnik

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимдегі жұмысқа кірісіп, дауылдың салдарын жойып жатыр. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева хабарлады.

Тұрғындар Астанадағы дауылдың суреті мен видеосын жариялап жатыр

"14:30-дағы жағдайға сәйкес жедел жәрдем қызметіне жеңіл жарақат алған 13 адам жүгінген", — деді Жүргенбаева. 

Дауыл салдарынан құрылыс алаңындағы мұнара кран, Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратынан керамокранит құлады, сондай-ақ бірнеше ғимараттың шатыр жабындысы ұшып кетіп, автокөліктерге зақым тиді.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметі бойынша 23 мамырда елорда аумағында желдің күшеюіне байланысты дабылды ескерту жарияланды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 25 м/с-ке  (нормадан 2 есе артық) дейін жетпек. Күндіз жаңбыр жауып, күшті жел соғуы ықтимал.

Фотофакт: Астанада жауған бұршақ Пирамиданың шынысын қиратты

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ведомство мамандары қатты жел кезінде пәтердегі немесе үйдегі терезелерді тығыз жабуға, терезеден сыртқа құлап кетуі мүмкін заттарды балкондардан алып тастауға, көшедегі бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, электр желілері және сымдардан алыс жүруге тырысуға, үзілген сымдарға және қозғалып тұрған заттарға жақындамауға, олардың жанында көлікті қалдырмауға, жел басылғанша ең жақын тұрған ғимаратта (дүкен, кітапхана, сауда орталығы, үй подъезді, кинотеатр) жасырынуға кеңес береді.