Фото

Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойы туралы тың деректер

Sputnik

Жас жұбайлар Гарри мен Меган – Сассекс герцогі мен герцогинясы бал айын қайда өткізетіні бәріне қызық.

Көздің жауын алатын қалыңдық көйлегінің дизайнері кім, үйлену тойындағы тәтті тортты кім пісірді және тағы басқа қызықты деректерді фотолентамыздан біле аласыздар.

1 / 19
Принц Гарри мен Меган Марклдың некелесу салтанаты 19 мамыр күні Виндзор сарайындағы Киелі Георгий шіркеуінде өтті. Үйленген күні принц Гарри Сассекс герцогі атағын иеленді. Бір қызығы, Сассекс герцогинясы бес жылдан кейін ғана ықтияр хат алып, сосын Ұлыбритания азаматтығын алу үшін құжаттарын тапсырады.
2 / 19
Сарай алдына жиналған халықтың қошеметі тақтың алтыншы мұрагері болған – принц Гарриді Ұлыбританияда қаншалықты жақсы көріп, дәріптейтінін көрсетті.
3 / 19
Үйленгеннен кейін Гарри мен Меганның жұбы жазылмайды – олар бірге іссапарларда жүреді, өйткені жаңа герцог пен герцогиняның басты қызметі – түрлі салтанаттарға қатысу.
4 / 19
Некелесу салтанатынан кейін жас жұбайлар Виндзор аумағында ашық күймемен жүріп өтті.
5 / 19
Үйлену тойына Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй және басқа елдердің басшылары шақырылған жоқ.
6 / 19
Принц Гарри тақ мұрагері болмағандықтан, үйлену тойына қонақтарды өз қалауынша шақырды.
7 / 19
Меган Марклдың тойда киген көйлегінің құны 135 мың доллар болды.
8 / 19
Қарапайым болса да, көздің жауын алатын көйлек біреулердің көңілінен шықса, өзгелердің сынына қалды. Тіпті баз біреулер одан саяси нышанды байқапты.
9 / 19
Көйлектің авторы – Givenchy француз сән үйінің креатив директоры Клэр Уэйт Келлер.
10 / 19
Тойдан кейін келесі күні дизайнер қалыңдық көйлегіне қатысты егжейлі-тегжейлі айтып берді
11 / 19
Сүйретпе етегі ұзын әдемі көйлек кади жібегінен тігілген.
12 / 19
Меган Марклдың образының ең айшықты бөлігі – ұзындығы бес метр желекке Ұлттар достастығына кіретін 53 елдің символдары кестеленген.
13 / 19
Қалыңдықтың гүлшоғын жасауға кәсіби флористер ғана емес, Гарридің өзі де қатысты.
14 / 19
Үйлену тойы алдында Кенсингтон сарайындағы бақты аралап, бірнеше гүлді таңдаған, олардың арасында принцесса Диананың сүйікті гүлдері – ботакөз, лала және ақгүл бар.
15 / 19
95 жыл бұрын королева-ана Елизавета бастаған дәстүрге сай гүлшоғы Вестминстер аббаттығындағы Белгісіз солдат қабіріне қойылды.
16 / 19
Сарайда 600 қонақты қабылдағаннан кейін Гарри мен Меган үйлену тойын достарымен атап өтуге кетті. 1968 жылғы күміс түстес Jaguar көлігіне мінген жас жұбайлар күйеу жігіттің әкесі – Уэльс принці Чарльз ұйымдастырған кешкі асқа аттанды.
17 / 19
Үйлену тойындағы тортты америкалық кондитер Клэр Птак пісірген. Тойдың көркі болған тәттінің құны – 67 мың доллар.
18 / 19
Бал айын жас жұбайлар күзге қалдырыпты. Болжам бойынша олар Намибияға сафариге аттанады.
19 / 19
Алғашқы ресми сапар күздің ортасында басталады. Сассекс герцогі мен герцогинясы өздерін асыға күтіп отырған Австралияға аттанбақ.