Өңірлер

Маңғыстауда ұрланған оқушы босатылды

Баланы қомақты қаржы талап ету мақсатында ұрлап әкеткен, полиция баланы босату операциясы қалай өткенін хабарлаған жоқ
Sputnik

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Маңғыстау облысында сегіз жасар бала ұрланды, деп хабарлады Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Ресейлік аса қауіпті қылмыскер Алматыда ұсталды

"Сенбі күні жергілікті тұрғын сегіз жасар ұлы ұрланғанын хабарлады. Қаскүнем бір миллион теңге көлемінде құн талап етті", — деді Сәдубаев.

Оның мәліметінше, полиция баланы босатқан. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.   

Оқиғаның қалай болғаны хабарланған жоқ.