АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Маңғыстау облысында сегіз жасар бала ұрланды, деп хабарлады Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.
"Сенбі күні жергілікті тұрғын сегіз жасар ұлы ұрланғанын хабарлады. Қаскүнем бір миллион теңге көлемінде құн талап етті", — деді Сәдубаев.
Оның мәліметінше, полиция баланы босатқан. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиғаның қалай болғаны хабарланған жоқ.