Оқиға

Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті, зардап шеккендер бар

Жол апатынан екі адам зардап шекті
Sputnik

Астана, 19 мамыр – Sputnik. Алматыда үш көліктің қатысуымен жол апаты болды, салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Алматыда жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі ауыр жараланды

Жол апаты Тимирязев көшесінде болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Mercedes-Benz Тимирязев бойымен батыс бағытта келе жатқан. Ал Байзақов көшесіне жетпес бұрылыста ГАЗель қарсы бағыттағы көліктерді өткізіп тұрған.

"Mercedes-Benz Е-класс ГАЗельді кеш көріп қалған секілді, ол оны айналып өтпек болып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетеді де, бар жылдамдықпен ГАЗельдің артқы жағына соғылады. Қатты соққыдан ұшып кеткен Mercedes-Benz Е-класс Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes-Benz GL көлігімен бетпе-бет соқтығысады", — деді оқиға куәгері Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Апат салдарынан екі адам — Mercedes-Benz Е-класс жүргізушісі мен жолаушысы. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.