Өңірлер

Семейде оқушыны құшақтады деп айыпталған мұғалімге қатысты іс тоқтатылды

Себебі күдікті тұлғаның әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық анықталмаған
Sputnik

АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Семей қаласында оқушы қыздың анасы полицияға денешынықтыру пәні мұғалімінің үстінен арыз түсірді, деп жазды altaynews.kz. 

Мұғалім оқушыларды мазақ қылғаны үшін директор жұмыстан қуылды

Оқушының анасының айтуынша, мұғалім қызын құшақтап, сүйіп, ерекше көңіл білдірген. 

"ШҚО Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іске қатысты қаладағы орта мектептердің бірінде тергеу шараларын жүргізген болатын, — деп хабарлады ШҚО ІІД басшысының орынбасары Мұратжан Шакеров. – Нәтижісінде бұл іс тоқтатылып отыр. Себебі күдікті тұлғаның әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық анықталмаған".