АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Семей қаласында оқушы қыздың анасы полицияға денешынықтыру пәні мұғалімінің үстінен арыз түсірді, деп жазды altaynews.kz.
Оқушының анасының айтуынша, мұғалім қызын құшақтап, сүйіп, ерекше көңіл білдірген.
"ШҚО Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іске қатысты қаладағы орта мектептердің бірінде тергеу шараларын жүргізген болатын, — деп хабарлады ШҚО ІІД басшысының орынбасары Мұратжан Шакеров. – Нәтижісінде бұл іс тоқтатылып отыр. Себебі күдікті тұлғаның әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық анықталмаған".