Қоғам

Фотодерек: Стив Возняк Астанадағы форумда ерекше аяқ киіммен көзге түсті

Қанық көк-жасыл түсті аяқ киім самсаған қара туфлилер арасында менмұндалап көрінеді
Sputnik

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк Global Challenges Summit атты Астана экономикалық форумына келді.

Назарбаев криптовалюта үшін ортақ ереже әзірлеуді ұсынды

Шараға спикер ретінде қатысып жатқан Возняк ерекше спорттық аяқ киім киіп келіпті. Елордалық қатал климаттан бейхабар америкалық бағдарламашы шұлық киюді ескермеген екен. Ал Астана әлемдегі ең суық қалалардың бірі екенін дәлелдеді: 17 мамырда ауа температурасы небәрі алты градус жылы.

Үш күндік форум елордамызда бейсенбі күні басталды. Бағдарламаның негізгі тақырыбы: экономикалық даму мен ресурс тұрақтылығы, цифрландыру және урбанизация, ұзақ өмір сүру және қаржы революциясы, жаһандық қауіпсіздік пен мәдени даму.

Астана экономикалық форумы