Экономика

Назарбаев криптовалюта үшін ортақ ереже әзірлеуді ұсынды

Бүгін елордада басталған АЭФ Global Challenges Summit 2018 жұмысы үш күнге, 19 мамырға дейін жалғасады
Sputnik

АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев криптовалютаны пайдалану мен реттеу үшін бірыңғай ережелер әзірлеуді ұсындын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бүгінде көптеген ел криптовалютаны қаржы жүйелерінің қазіргі конфигурациясына бейімдеу мүмкіндіктерін зерделеп жатыр. Десек те әлем елдері бұл мәселеде әртүрлі әрекет етуде. Бұл бытыраңқылықтың соңы тиімсіздікке әкеледі. Сондықтан баршаға ортақ ережелерді әзірлеуге кірісу керек", — деді Елбасы Global Challenges Summit 2018 пленарлы отырысында. 

Назарбаев қазір қоғамның бүкіл өмірі цифрланғанын атап өтті.

Назарбаев: қазір әлем күрделі кезеңді бастан кешіріп жатыр

"Өндірісті бақылайтын және жақсартатын интеллектуалды жүйелер қалыпты құбылысқа айналды. 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік экономиканы 16 триллион долларға ұлғайтады. Криптоалюта феномені, блокчейн технологиясы банктерді қоса алғанда, қаржы нарығы үшін түбегейлі өзгеріс әкеледі. Сарапшыларлың пікірінше, алдағы он жылдықта 500 ірі компанияның 200-і  түбірімен жойылады", — деді мемлекет басшысы. 

Бұған қоса, президент цифрландыру киберқылмыстың артуына да себеп болатынын айтты.

Назарбаев: геосаяси шиеленіс – әлем елдерінің өз көшбасшылығын сақтап қалуға талпынысы

"2017 жылы киберқылмыс бизнес үшін ең басты қатер деп танылды, алайда бір жыл бұрын ғана тізімде тек бесінші орында тұрған еді. Әрине, осы және өзге де факторлар елдердің цифрлық провинцияда қалып қоймауына талпынуына себеп болады. Біз де жаңа шынайылыққа бейімделеміз. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы іске қосылды, оны іске асыру цифрлық инрақұрылымды, елдегі ІТ-экожүйені дамытуды қамтамасыз етеді, Қазақстан халқының цифрлық сауаттылығы 85%-ға артады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, біз өңдеуші секторда бес жыл ішінде еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз", — деп мәлімдеді Назарбаев.