АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Әлем елдеріне бір мәмілеге келу уақыт өткен сайын қиындай түсуде. Елдердің бір-біріне сенімі азайып барады. Бүгін АЭФ-тің ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"11-ші форум әлемдік экономиканың, инвестиция мен инновацияның ең маңызды мәселелері талқыланатын алаңға айналды. Былтырғы форумнан бері біз әлемде болған үлкен өзгерістерге куә болдық. Жаңа қайшылықтар мен қақтығыстар пайда болуда. Бір мәмілеге келу қиындап барады. Қарсыластың принциптері мен позицияларын түсіну, сенім арту жоғалуда. Бұл әлемнің күрделі кезеңі. Сондықтан осы қиындықтарға қатысты мәселелерді объективті түрде талқылау адамзат үшін өте маңызды. Осыған байланысты форум жаһандық сын-қатерлерге тиімді жауап іздеуге бағытталған", — деді Назарбаев.
Ол қақтығыстар мен дау-жанжалдар адамзаттың дамуымен үнемі қатар жүретінін, бірақ қазіргі шиеленістің ушығуының себебі бұдан да тереңде екенін атап өтті.
"Бұл кезекті рет біздің өркениеттің трансформациясын көрсетіп отыр", — деді президент.
Айта кетсек, Астана экономикалық форумы 19 мамырға дейін жалғасады. Форумға әлем елдерінен халықаралық сарапшылар, танымал саясаткерлер жиналған.