Қоғам

БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық отбасы уланып қалды

Екі жасар қыз Қазақстанда жұқпалы аурулар емханасында екі аптадан бері емделіп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Шардж курортты қаласындағы Sheraton бес жұлдызды қонақ үйіне демалуға барған қазақстандық отбасы түгелдей ауырып қалған.

Ақмола облысында жаназаға жиналған жұрт уланып қалды

Қазақстандық әйелдің айтуынша, күйеуі және екі жасар қызымен 5-10 мамыр аралығында қонақ үйде демалып қайтыпты.

"Отбасымызбен әдеттегідей қонақ үйде таңғы асымызды ішіп, жинала бастадық. Әуежайда күйеуім өзін нашар сезініп, тамақтан уланып қалғандай белгілер байқалды. Астанаға келгенде мен ауырып қалдым. Тура сол тамақтан улану белгілері болды, ыстығым көтеріліп, бірнеше күн бойы түспей қойды", — дейді қазақстандық әйел Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.

Ал сәби 12 мамыр күні ауырыпты. Қатты құсқан екі жасар қызды түнде жұқпалы аурулар емханасына жеткізген.

50-ден астам адам ұннан уланып, ауруханаға түсті

"Түні бойы ауруханада болдық, жағдайы бір қалыпты болып, бізді үйге жіберді. Кеше түнде тағы ыстығы көтерілді. Қазір ауруханада, дәрігерлер қарап, нақты диагноз қояды", — дейді әйел.

Ол турфирмаға хабарласып, қонақ үйге жағдайды түсіндіруді сұрапты.

"Олар ауруханаға қаралғанымызды растайтын медициналық құжат сұрады. Ауруханада ресімдеген соң, жібереміз", — дейді әйел.

Бейсенбі күні таңертең БАҚ көздерінде бірнеше қазақстандықтың Шардж қаласындағы қонақ үйде уланып қалғаны туралы ақпарат тарады.