Әлем

Өзбекстанда сел жүруі салдарынан бес адам қаза тапты

Өзбекстан синоптиктерінің болжауынша, 12-17 мамыр аралығында сел жүру қаупі бар
Sputnik

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Өзбекстанның Кашкадарья облысында сел жүріп, салдарынан бес адам опат болды, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы облысында сел жүрді

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Чиракчи ауданы Мирзатук елді мекенінде 16 мамыр күні 06:30-да нөсер жаңбыр салдарынан пайда болған сел ағыны бес адамның өмірін қиды, делінген ТЖМ сайтында.

"Өзгидромет" болжамы бойынша, 12-17 мамыр аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с.

Синоптиктер ескерткендей, таулы өңірде сел жүру қаупі бар.