АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Алматыда облысында Ақсай шатқалында көлемі 800 метр куб сел жүрді, ақпаратты ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Оның мәліметінше, жауын-шашын салдарынан Ақсай өзенінің тармағы — Қызылжардағы су деңгейі көтеріліп, сел жүруіне әкеп соққан. Сел пионерлер лагеріне апаратын жолды алып кетіп, асфальт үстімен ағып жатыр.
Құтқарушылардың деректеріне сүйенсек, адам шығыны мен басқа да зардап болған жоқ.
© Photo : КЧС МВД РКСел жүрді
1/2
© Photo : КЧС МВД РК
Сел жүрді
© Photo : КЧС МВД РКСел жүрді
2/2
© Photo : КЧС МВД РК
Сел жүрді
1/2
© Photo : КЧС МВД РК
Сел жүрді
2/2
© Photo : КЧС МВД РК
Сел жүрді
Бұдан бөлек, Талғар ауданында жаңбыр салдарынан, "Верблюд" тауынан көлемі 60 метр куб көшкін жүрген.
Салдарынан Талғар — "Спутник" жазғы лагері жолы жабылып қалыпты. Оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылып, жергілікті атқару органдарына көшкін салдарын жою тапсырылды.