АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Qazaq Banki акцинонері Бақыт Ибрагим Германияда ұсталды. Ақпаратты Қазақстанның ішкі істер министрлігі растады.
"Жемқорлыққа қарсы қызметтің сұрауымен Қазақстан ІІМ Интерполы ұлттық орталық бюросы неміс әріптестеріне іздеу шараларын жүргізу туралы тапсырма жолдап, нәтижесінде 23 сәуір күні Германия аумағында Ибрагим Бақыт Жасұзақұлы ұсталды", — деп хабарлады ведомство.
Бұдан бұрын Qazaq Banki хабарлағандай, Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагим тағайындаған тұлғалардың басшылық етуі кезінде берілген сапасыз несиенің кесірінен банктің кей көрсеткіштері төмендеп кеткен.
Қазақстандық банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды. Қазір ол Ресей астанасында үй қамақта отыр. Қазақстанның құқық қорғау органдары оның елге экстрадициялануын көздейді.