Саясат

Сириялық оппозиция келіссөздердің Астанада жалғасуын қалайды

Сирияның қаруланған оппозиция өкілдері келесі кездесуге қатысу үшін Сочиге барғысы келмейді
Sputnik

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Сирияның қаруланған оппозициясы сириялық реттеу бойынша келіссөздерге тек Астанада ғана қатысатындығын мәлімдеді.

"Келіссөздердің тек Астанада ғана жүргізілгенін қалаймыз. Басқа жерге бармаймыз", — деп мәлімдеді сириялық оппозиция делегациясының басшысы  Ахмед Тоама жалпы отырыста.

Астанада 14-15 мамыр күндері Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздердің тоғызыншы раунды өтті.

Қорытынды бойынша ортақ мәлімдемеде кепіл елдер – Иран, Ресей және Түркия келесі раундтың биыл шілде айында Сочиде өтетінін айтқан.