АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Астана әуежайының артында қамыс өртеніп, 3000 шаршы метр аумақты жалын шарпыды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің ақпаратынша, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының" артында, Майбалық көлінің бойында сағат 13:37-де қамыс өртене бастаған. Қызыл жалын үш мың шаршы метр аумақты шарпыды.
"Оқиға орнында ТЖД (16 қызметкер мен 4 техника), ОӨАЖҚЖ (4 жұмысшы, 1 техника мен 1 жүзу құралы), "Зеленстрой" ЖШС (1 қызметкер және 1 техника), "Астана Орманы" ЖШС (6 жұмысшы, 6 техника) жұмыс істеді", —деді баспасөз қызметінен.
Өрт сағат 16:50-де толығымен сөндірілді.