Оқиға

Астана әуежайының маңында өрт шықты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨрт, архив сурет
Өрт, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Майбалық көлінің бойындағы 3000 шаршы метр аумақта қамыс жанды

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Астана әуежайының артында қамыс өртеніп, 3000 шаршы метр аумақты жалын шарпыды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Өрт - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Таразда тоғыз қабатты үйден өрт шықты

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің ақпаратынша, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының" артында, Майбалық көлінің бойында сағат 13:37-де қамыс өртене бастаған. Қызыл жалын үш мың шаршы метр аумақты шарпыды. 

"Оқиға орнында ТЖД (16 қызметкер мен 4 техника), ОӨАЖҚЖ (4 жұмысшы, 1 техника мен 1 жүзу құралы), "Зеленстрой" ЖШС (1 қызметкер және 1 техника), "Астана Орманы" ЖШС (6 жұмысшы, 6 техника) жұмыс істеді", —деді баспасөз қызметінен. 

Өрт сағат 16:50-де толығымен сөндірілді.

Жаңалықтар
0