Өңірлер

Алматы облысында сел жүрді

Жаңбыр салдарынан сел жүріп, жолды жауып қалды
Sputnik

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Алматыда облысында Ақсай шатқалында көлемі 800 метр куб сел жүрді, ақпаратты ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Оның мәліметінше, жауын-шашын салдарынан Ақсай өзенінің тармағы — Қызылжардағы су деңгейі көтеріліп, сел жүруіне әкеп соққан. Сел пионерлер лагеріне апаратын жолды алып кетіп, асфальт үстімен ағып жатыр.

Құтқарушылардың деректеріне сүйенсек, адам шығыны мен басқа да зардап болған жоқ.

1 / 2
Сел жүрді
2 / 2
Сел жүрді

Бұдан бөлек, Талғар ауданында жаңбыр салдарынан, "Верблюд" тауынан көлемі 60 метр куб көшкін жүрген. 

Салдарынан Талғар — "Спутник" жазғы лагері жолы жабылып қалыпты. Оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылып, жергілікті атқару органдарына көшкін салдарын жою тапсырылды.