АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Мусин ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Оның орнына мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитеттің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Бағдат Мусин Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетіне 2017 жылдың қаңтарынан төрағалық етті. Оған дейін үш жыл "Қазпошта" АҚ-ның басқарма төрағасы болды.
Ол 1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2011-2012 жылдары ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.