Спорт

"Санчес — нашақор". Альварестің промоутері Головкиннің бапкеріне жауап қатты

Эрик Гомес Головкиннің бапкерін өтірік сөйлейді деп айыптады
Sputnik

АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альваресті допингпен ұсталуына байланысты бірнеше рет айыптаған болатын. Бұл Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті, "Канелоның" промоутері Эрик Гоместі қатты ашуландырып отыр, деп жазды Sports.kz.  

Головкинге қарсылас болуы мүмкін 8 боксшы анықталды

"Абель — нашақор, ол үнемі жөнсіз айыптап, ұшқары пікір білдіріп жатады. Ол не болып жатқанын түсінбейді және айтып жүргенінің бәрі бірдей шындыққа жанаспайды. Бос сөзге құмар. Былшылдағанды қой, одан да жекпе-жекті ұйымдастырайық", — деді Гомес Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.  

 Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте өтеді деп болжанып отыр. Алғашқыда бұл жекпе-жек 5 мамырға жоспарланған еді, алайда мексикалық допинг дауына байланысты одан бас тартты.