Әлем

"Евровидение-2018" финалына қай елдің өкілдері шықты?

Халықаралық әндер байқауы Португалия астанасы Лиссабон қаласында өтіп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Бейсенбі күні Лиссабон қаласындағы Altice аренасында өткен "Евровидение" халықаралық әндер байқауының екінші жартылай финалы қорытындысы бойынша ақтық сынға Норвегия, Сербия, Дания, Молдавия, Нидерланды, Австралия, Венгрия, Швеция, Словения және Украина өкілдері өтті.

Португалиялық әнші "Евровидение" жеңімпазы атанды

"Евровидение" биыл алғаш рет Португалия астанасындағы Ұлттар паркінде орналасқан Altice аренада өтіп жатыр, байқаудың ресми ашылу салтанаты өткен жексенбіде Тежу өзені жағасында болды. Биыл конкурс "All Aboard!" ("Бәрің кемеге мініңдер!") ұранымен басталып, сахнаның әрлеуінде мұхит тақырыбы көрініс берді – сол себепті ашылу салтанатында қатысушылар әдеттегі қызыл кілем емес, көк кілемнің үстімен жүріп өткен болатын.

Екінші жартылай финал бейсенбі күні болды. Сахнада 18 елдің өкілдері өнер көрсетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Көрермендердің дауыс беруі мен әділ-қазылар шешімі бойынша финалға он қатысушы шықты: Норвегия, Сербия, Дания, Молдавия, Нидерланды, Австралия, Венгрия, Швеция, Словения және Украина өкілдері.