АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Киевте өткен "Евровидение-2017" халықаралық музыкалық байқауында португалиялық Сальвадор Собрал жеңіске жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша 27 жастағы Сальвадор Собрал 758 дауыс жинады.
"Евровидение" байқауының ақтық сынында Молдавия, Азербайжан, Грекия, Швеция, Португалия, Польша, Армения, Австралия, Кипр, Бельгия, Болгария, Белоруссия, Хорватия, Венгрия, Дания, Израиль, Румыния, Норвегия, Нидерландтар және Австрия өкілдері бақ сынады.
Финалда Ұлыбритания, Испания, Италия, Франция және Германияның, сонымен қатар қабылдаушы ел — Украинаның өкілдері өнер көрсетті.