Қоғам

Астанада жоғалып кеткен бала табылды

Бала өз бетімен қоғамдық көлікке отырып үйіне жетпек болған
Sputnik

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Астанада жоғалып кеткен оқушы үйіне өзі оралды.

Астанада 9 жасар бала жоғалып кетті

Бейсенбі күні тоғыз жасар Мейіржан спорт кешенінен шығып, ата-анасы онымен байланыса алмаған. Олар баланың жоғалып кеткені туралы полицияға арыз берді.

"Сабақтан ертерек шығып, автобуспен үйге өзі жетпек болыпты. 16:00 кезінде үйге өзі келді", — деп хабарлады баланың анасы Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оқушыны төрт сағат бойы іздеген.