Өңірлер

Оралда өртке оранған үйде қалып қойған тұрғындар терезеден секірді

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, тұрғындар ғимараттың алдыңғы есігінен шыға алмапты
Sputnik

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Орал тұрғындары өртке оранған екі қабатты үйден шығу үшін терезеден секіруге мәжбүр болған.

Астанада мектепте өрт шықты

Мамырдың 7-сінен 8-іне қараған түні ғимараттан өрт шығады. Кейінірек пәтерлердің бірінен қырық алты жастағы ер адамның денесі табылыпты.

"Өрт түнде басталды, бірақ әлі ұйықтамаған болатынбыз, өйткені баламыздың жұмыстан келуін күтіп отырдық. Келген соң көршілердің өрт басталғанын айтып, айғалағанын естідік. Балам қызым екеуімізді шығарып жіберіп, қашыңдар деді, ал өзі құжаттар мен бағалы заттарды алып шығу үшін үйде қалды. Осы сәтте біреу өртеніп жатқан пәтердің есігін ашып жіберіп, түтін бүкіл подъезге тарады, қатты ыстықтан есіктер майысып қалды. Адамдар ажал аузынан қалды десек болады, өйткені апаттық есіктен де, алдыңғы есіктен де шыға алмаушы еді. Менің балам екінші қабаттағы терезеден секіріп кетті", — дейді Нейля Кузнецова "Мой город" басылымына.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, балалар мен қарт әйел төсек жаймаларымен терезеден түсіпті. Өкінішке орай, әжей құлап кетіп, жарақат алған көрінеді.

"Бір пәтерде алты баламызбен тұрамыз, біреуі мүгедек. Оны көтеріп алып шықтық, ал қалған балалар мен сияқты терезеден төсек жаймалар арқылы түсті. Сол кезде қатты қорқып, өз салмағымды көтере алмай, биіктен құлап кеттім. Қазір өз-өзіме қарай алмаймын, жамбасым қатты ауырады", — дейді Соня Сариева.

Қалалық ТКШ басшысы Міржан Нұртазиевтің сөзіне сүйенсек, өртенген үйдің орнына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша жаңа баспана салынбақ.