АСТАНА, 8 мамыр — Sputnik. Жеңіс күні қарсаңында Астана әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Бүгінде бас қалада 93 майдангер тұрады, олардың бірде-біреуі назардан тыс қалған емес, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Асылхан Табылдыұлы Бекбаев армия қатарына 18 жасында шақырылған. 1944 жылдың қарашасында 134-ші гвардиялық авиация полкінің 6-шы гвардиялық авиациялық бомбылау дивизиясының 3-ші Беларусь майданында Белоруссия мен Прибалтиканы басқыншылардан азат етті. Соғыстың барлық сұрапыл тауқыметінен өткен ол, қалған ғұмырын білім саласына арнады.
"Армияда 10 жыл болдым, оның 4 жылы Шығыс Пруссиядағы соғыста өтті. Бұл соғыс туралы не айтуға болады? Өзіме қымбат жолдастарымның бәрі есімде. Мен Шығыс Пруссиядан Пе-2 ұшағымен ұшып, сол жерде ауыр жарақат алғандықтан, жүре алмай қалдым. Маған беларустық Татьяна Новикова деген қыз күтім жасады. Содан біраз уақыт өткен соң мен үйге ата-анама Татьянаға үйленуге рұқсат беріңдер деп хат жаздым. Ата-анамнан рұқсат бергені туралы хат алдым, бірақ оны Бесқарағай ауданына алып кел деді. Мен онымен сөйлесіп келістім де, Шығыс Қазақстан облысына алып келдім. Ол осында қазақ тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін үйреніп алды. Анам ауырып жүре алмай қалған кезде күтімді Татьяна жасады, ол сондай ғажап жан еді", – дейді майдангер өзінің соғыс туралы тарихын баяндап.
Әсет Исекешев ардагерге сыйлық табыс етіп, ерлігі үшін алғыс айтты.
"Төбеміздегі тұнық аспан үшін сіздерге көп рахмет. Сіздер 4 жыл бойы қаншама қиындықтан, өздеріңізге қымбат адамдарды жоғалту сәттерін бастан өткердіңіздер. Жыл сайын ардагерлер азайып барады, біз арамыздағы әрбір батырға алғыс айтамыз, бағалаймыз. Біздің міндет – сіздерді көзіміздің қарашығындай сақтап, ертеңгі ұрпаққа ерліктеріңіз туралы айтып қалдыру. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін", – деді әкім.
94 жасар Михаил Петрович Кочетков Батыс құрамында үшінші Белоруссия және бірінгші Прибалтика соғысында шайқасты. Жеңіс күнін Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг түбінде қарсы алды.
Ардагер әкімге соғыстың қиындықтары туралы айтып берді, соңынан мемлекеттің үнемі қолдап келе жатқанына ризашылығын білдірді:
"Соғыстың бітуін неміс жерінде қарсы алдық. Бізге окоптан шығыңдар, немістер берілді, соғыс бітті деп айтқаны есімде қалыпты. Ол кезде сенген де жоқпын, шнапстан кейін олардың көзіне берілген немістер ғана емес, теңіз де сирақтарынан келмейтін шығар деп ойладым, – деп қалжыңдады ардагер. Бірақ кейін жайлап-жайлап окоптан шыға бастадық, расында ешкім оқ атпады. Бір-бірімізді құшақтап құттықтай бастадық. Жалпы, жастарды Отанды қорғауға, бейбітшіліктің қадірін біліп, елдің игілігіне жұмыс жасауға шақырамын. Қазір барлығы тез дамуда, бір орнында тұрып қалмайды, жаңа астанамыз бар. Сондықтан тек қана алға ұмтылу қажет, ол үшін барлық жағдай жасалған".
Айта кетейік, бүгінде Астанада ҰОС-ның 93 ардагері тұрады. Жеңіс күні қарсаңында әрбір майдангерге бір реттік 511 135 теңге көлемінде материалдық көмек беріледі. Бұдан басқа, жеңілдіктер мен кепілдік бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендерге 21 645 теңге (9 АЕК) төленеді. Соғыс жылдары ҰОС ардагерлерінің қайтыс болған жесірлері, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың басқа санаттарына, әскери жылдардағы тыл еңбеккерлеріне – 10 823 теңгеден (4,5 АЕК) беріледі.