Қоғам

Иорданияда екі баласымен тұтқында болған қазақстандық әйел елге оралды

Иорданиядағы қазақстандық әйелдің отбасылық жанжалы шешіліп, ол екі баласымен үйіне қайтты
Sputnik

АСТАНА, 8 мамыр — Sputnik. Қазақстан азаматшасы Татьяна Бережная Иорданияда күйеуінің туыстарында тұтқында болған, қазір аман-есен елге оралды.

Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге оралды

КТК арнасы хабарлағандай, бірнеше ай бұрын Татьяна екі қызымен Иорданияға азаматтық некедегі күйеуінің туыстарына қонаққа барған. Ер адам бизнесіне қатысты шаруаларды реттеп, бір-ақ келемін деген.

Әйелдің сөзіне сүйенсек, бастапқыда бәрі жақсы болады, бірақ бір күні күйеуінің туысы виза мерзімін ұзарту үшін келіншектен паспорты мен балалардың құжатын сұрапты. Бірақ сол беті қайтармай қойған. Кейінірек Татьяна қыздарының шетелдік азаматтық алғанын біледі.

"Бізді сол жақта алып қалу үшін істеген. Кейін күйеуім келді, билеттерді беріп, біз жинала бастадық. Ол бізбен Алматыға келді. Бастысы, балалармен қайтып келдік, үйдеміз, енді ешқайда бармаймыз", — дейді Татьяна. 

Иорданиядан Қазақстанға оралған Татьяна Бережная азаматтық некедегі күйеуімен айырылысты. Енді қыздардың азаматтығы мәселесін шешу керек.