Әлем

Қытайда 118 баланы асырап алған әйел қамауға алынды

"Қайырымды" әйел балаларды шенеуніктерді қорқытып-үркіту үшін пайдаланған
Sputnik

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Хэбэй провинциясы Уань қаласының билігі бүкіл елге миллондаған юань жұмсап, 118 баланы асырап алуымен танымал болған әйелді қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алды. Ал оның жекеменшік балалар үйін жабу туралы қаулы шығарды, деп жазады РИА Новости.

Министр елімізге Қытай мен Түркиядан қанша мигрант келгенін айтты

Өзін миллионер деп атаған Ли Лицзюань балаларды 1996 жылдан бері асырап ала бастаған, ал жекеменшік "Махаббат ауылы" балалар үйін 2007 жылы ашыпты. БАҚ-тың апаратынша, әйел 118 баланы бауырына басқан. Қайырымды әйелдің қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жазылып, соның арқасында ол бүкіл елге танымал болды.

Полицияның мәліметінше, атағы шыққан әйел қайырымдылықты өз мақсатына қолданып, бюджеттен, демеушілерден алған қомақты қаржыны өз пайдасына жаратқан. Полицияның хабарлауынша, әйелге асыранды балаларды жергілікті шенеуніктерге қоқан-лоққы көрсету үшін пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Әйел балалар үйі арқылы кабель тартқысы келген компаниядан 70 мың юань, ал қонақ үйлер мен госпитальдан 300 мың юань бопсалаған.
Биліктің ақпаратынша, асыранды балалардың кейбірінің ата-анасы бар. Балалар үйі билікті алдау үшін олардың аты-жөнін пайдаланып, мемлекеттен субсидия алып отырған.

Баласы жоқ отбасы 32 жастағы жігітті асырап алды

Жыл сайынғы міндетті тексерістен өтпеген мекемені жабу туралы қаулы шыққан соң, билік 74 бүлдіршінді балалар үйінен алып кетті. Cонымен қатар, күдікті әйелге қоғамдық тәртіпті бұзды, ақша бопсалады деген айыптар да тағылып отыр. Полиция әйелдің есепшотындағы 20 мың доллар мен 20 миллион юаньға (3,1 миллион доллар) бұғат қойды. Тексеріс барысында оның меншігінде көптеген жылжымайтын мүлік пен қымбат автокөліктер бары анықталды.

Бұған қоса, балалар үйінде ұрланған бүлдіршіндер де болуы мүмкін деген ақпар тарады. Осыған байланысты полиция жоғалғандар базасынан тексеру үшін балалардан қан үлгісі мен саусақ ізін алды.