Әлем

Баласы жоқ отбасы 32 жастағы жігітті асырап алды

© SputnikКолизей, архив
Колизей, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Италиялық отбасы белорус жігітті бала кезінен біледі екен

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Егде жастағы италиялық отбасы сот арқылы 32 жастағы белорусты ресми түрде асырап алды, деп хабарлайды Sputnik Беларусь италиялық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Баланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Жетім балаларды асырап алғандар табыс салығынан босатылады

Италиялық отбасы жас жігітті 20 жылдан астам уақыттан бері таниды екен. 11 жасынан бастап ол жылда жазда чернобыльдық бағдарламалар бойынша демалуға Италияға барған. 

Бала ер жеткеннен кейін де ерлі-зайыптылар қарым-қатынасты үзбей, оны қонаққа шақырып тұрған, тіпті өздері де Беларуське келіп жүріпті. 

Жас жігіт жүк тасымалымен айналысады, сондықтан жұмыс бабымен Италияда жиі болады. Өздерінің баласы жоқ отбасы үшін ол туған ұлындай болып кеткен. 

Белорустың өз отбасы мен балаларының болғанына қарамастан, италиялық ерлі-зайыпты заңды мұрагер қылу үшін оны ресми асырап алуды жөн көріпті. 


Жаңалықтар
0