Өңірлер

Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады

7 мамырға арналған ауа райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық бөлігінде жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығысында бұршақ болуы мүмкін деп хабарлайды Қазгидромет. 

Республиканың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерде тұман, жел күшейіп, шаңды дауыл болжанады.

Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауады. 

Атырау облысында 15-20 м/с екпінді жел, кей жерде шаңды дауыл болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с-қа дейін күйшейіп, шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. 

Ақтобе, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысында тұман түседі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде және таңертен жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.