АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық бөлігінде жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығысында бұршақ болуы мүмкін деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерде тұман, жел күшейіп, шаңды дауыл болжанады.
Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауады.
Атырау облысында 15-20 м/с екпінді жел, кей жерде шаңды дауыл болады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с-қа дейін күйшейіп, шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.
Ақтобе, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысында тұман түседі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде және таңертен жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.