Саясат

Қазақстандық дипломат жоғары лауазымға ие болды

Асқар Мусинов ИЫҰ Азия тобы мүшелері берген дауыстың үштен екі бөлігін жинап, бәсекелесінен басым түсті
Sputnik

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Асқар Мусинов Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) бас хатшысының ғылым және технологиялар бойына орынбасары лауазымын иеленді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Канадаға елші болып кетті

Ол бұл қызметке Бангладеш астанасы Дакка қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясы кезінде тағайындалған.

"Қазақстан сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары, танымал дипломат, елші Асқар Мусиновтың сайлау кезіндегі бәсекелесі Бангладеш дипломаты Камрул Ахсан болды. Қазақстанның өкіліне ИЫҰ Азия тобының 18 мүшесінің 12-сі дауыс берді", — деп жазды сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов әлеуметтік желіде.