АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Асқар Мусинов Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) бас хатшысының ғылым және технологиялар бойына орынбасары лауазымын иеленді.
Ол бұл қызметке Бангладеш астанасы Дакка қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясы кезінде тағайындалған.
"Қазақстан сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары, танымал дипломат, елші Асқар Мусиновтың сайлау кезіндегі бәсекелесі Бангладеш дипломаты Камрул Ахсан болды. Қазақстанның өкіліне ИЫҰ Азия тобының 18 мүшесінің 12-сі дауыс берді", — деп жазды сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов әлеуметтік желіде.