Қоғам

Психолог адамдар әлеуметтік желіге неге сурет салатынын айтты

Әлеуметтік желідегі "лайк" – мақтау сөздің бір түрі, дейді Алина Владова
Sputnik

АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіге өз суреттерін салатын адамдар осылайша жұрттың ілтипатына бөленгісі келеді, дейді психолог Алина Владова. 

Психологтың айтуынша, адамдар әлеуметтік желіге сурет жүктеп, жұрттың бағасын күтіп отырады.

Енді инстаграм арқылы ақша төлеуге болады

"Адамдар бұған рақаттанады, уақыт өте олар соның қызығына түседі. Бұл бір тәуелділік. Олар тіпті парақшасына жазылушылар санын көбейту үшін ақша төлеуге дайын", — дейді Владова Sputnik Молдова агенттігіне берген сұхбатында. 

Бұған қоса, психолог кейбір адамдардың әлеуметтік желіде басқалардың парақшасына ауық-ауық кіріп, аңдитын әдеті бар екенін атап өтті. Ол бұған әркімнің өз себебі бар екеніне сенімді. 

"Мәселен, өзін-өзі төмен бағалайтын, өміріне немесе сырт келбетіне көңілі толмайтын жандар көбіне-көп басқалардың жетістікке жеткенін көре алмайды. Сондықтан әдемі, табысты, тәуелсіз адамдардың суреттері оларда тек жағымсыз эмоция тудырады. Ал кей адамдар, керісінше, өзгелердің жетістігіне қуанып, жігерленеді, шабыты оянады", — деді спикер. 

Психолог әлеуметтік желідегі "лайкты" адамға айтылған мақтау сөзге теңеді.