АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Instagram әзірлеушілері қосымшаға кіріктірілген төлем функциясын іске қосты, деп жазды TechCrunch басылымы.
Жаңа опция АҚШ-тың кейбір қолданушысына қолжетімді.
Төлем функциясының жұмыс істеу механизмі өте қарапайым: профильге банк картасын бекітіп, сол арқылы сатушының ресми сайтына өтпей-ақ тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеуге болады.
Компанияның баспасөз қызметінен мәлімдегендей, жаңа функция бірнеше мейрамхана мен салондарда сынақтан өтіп жатыр. Бұл опция арқылы тіпті киноға билет сатып алуға да болады. Қазір жаңа төлем әдісінің қолданыс аясы шектеулі, дегенмен компания болашақта оны көпшілікке қолжетімді етуді көздеп отыр.