Қоғам

Синоптиктер: мереке күндері жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін

"Қазгидромет" РМК 5-9 мамырдағы ауа райына болжам жасады
Sputnik

АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Алдағы демалыс және мереке күндері бірқатар облыста ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ызғарлы көктем: Астанада жылыту маусымы ұзартылды

Алдағы екі тәулікте суық арктикалық ағымдардың әсерінен елдің солтүстігінде, орталығында, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарда күн суытып, кей жерлерде жаңбыр жауады.  

"Солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін, шығыс пен оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Баренц теңізінен ығысатын антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтайды деп болжануда. Антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжығанда республиканың барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі", — делінген хабарламада. 

9 мамыр күні еліміздің басым аумағында күн жылы әрі ашық болады. Тек Қазақстанның қиыр солтүстігінде 8-9 мамыр аралығында жаңбыр жаууы ықтимал.