АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Алдағы демалыс және мереке күндері бірқатар облыста ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдағы екі тәулікте суық арктикалық ағымдардың әсерінен елдің солтүстігінде, орталығында, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарда күн суытып, кей жерлерде жаңбыр жауады.
"Солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін, шығыс пен оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Баренц теңізінен ығысатын антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтайды деп болжануда. Антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжығанда республиканың барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі", — делінген хабарламада.
9 мамыр күні еліміздің басым аумағында күн жылы әрі ашық болады. Тек Қазақстанның қиыр солтүстігінде 8-9 мамыр аралығында жаңбыр жаууы ықтимал.