АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. 2018 жылдың сәуір айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылған қаражат көлемі 8,17 миллиард теңге болды.
Ал 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 30 сәуірі аралығында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төлеген жалпы сома 63,3 миллиард теңгені құрады.
"Оның 87%-ы немесе 54,9 миллиард теңгені жұмыс берушілер аударса, 8,4 миллиард теңгені (шамамен 13%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық шарт бойынша еңбек етіп жүрген азаматтар төледі", — деп атап өтті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.
Өңірлерді салыстырып қарасақ, аударылған қаражаттың басым бөлігі Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысына тиесілі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен қаражат Ұлттық банкте сақталып, келешекте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін қызметтерге жұмсалмақ.