АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. 2018 жылдың қаңтарында Медициналық сақтандыру қорына 6 миллиард теңгеге жуық ақша түскен. Тұтастай алғанда 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 31 қаңтары аралығында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер қорға 38 миллиард теңге аударған, деп хабарлады alau.kz.
"Жеке кәсіпкерлер өзіне төлем жасамайды, қызметкерлері болған жағдайда ғана жұмыс беруші ретінде ақша аударады. Шаруа қожалығы төлемнен босатылды. Енді 2018-2019 жылдары жалдамалы қызметкерлері бар жұмыс берушілер ғана төлейді. Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шартпен жұмыс істейтін тұлғалар да босатылды, олар 5% көлемінде төлеп келген болатын. 2020 жылдан бастап мөлшерлеме 1%-ға дейін төмендетіледі, яғни жеңілдік жүреді", — деп түсіндірді Міндетті медициналық сақтандыру қорының Қостанай облысындағы филалының директоры Сәуле Аймұхамбетова.
Демек, Міндетті медициналық сақтандыру қорына 2018 жылдың қаңтары үшін жарна төлеген жеке кәсіпкерлер қаржысын ресми өтініш жазу арқылы қайтарып ала алады.