Оқиға

Қостанай облысының тұрғыны жолдасын тірідей көміп тастады

Ер адамның кісі өлтіруіне телефоны мен ақшасының жоғалуы себеп болған
Sputnik

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Қостанай облысы тұрғыны бірге ішімдік ішкен жолдасын соққыға жығып, тірідей көміп тастаған.

Риддерде мәйітті көміп жатқан қылмыскер видеоға түсіп қалыпты

Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотына жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс түсті. Ер адам ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша айыпталып отыр.

"Істің материалына сүйенсек, екі адам Рудный қаласындағы өндіріс ғимаратында ішімдік ішіп отырып, біреуі телефоны мен ақшасының жоғалғанын байқайды. Ол мұны бөтелкелес жолдасынан көріп, екеуі сөзге келіп, артынша төбелеседі. Жанжал кезінде ер адам жолдасының басынан кем дегенде 23 рет ұрып, тепкілеген. Кейін зардап шегушіні металл арматурамен соққыға жығыпты.

Ер адам досының қансырап жатқанын көріп, өлді деп ойлайды. Сөйтіп, оны көліктің шөмішіне салып, Горняцкий ауылының шетіне шығарады да, жылу трассасы бойына көміп тастаған", — деп жазады "Костанайские новости" порталы.

Соққыға жығылған ер адам тірі болған. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, үсіп жан тапсырыпты.