АСТАНА, 6 шілде — Sputnik. Риддер тұрғындары көп қабатты үйдің қасында мәйітті көміп жатқан ер адамды видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды YK-news.kz порталы.
Бесінші шағын аудандағы көп қабатты үй тұрғындары таңертең ерте ер адамның мәйітті сүйреп келе жатқанын байқап қалған. Бірден полиция шақырып, болған жайтты видеоға түсіріп алған.
Полиция анықтағандай, ішімдік ішудің салдары кісі өліміне алып келген. 29 жастағы күдікті 45 жастағы қонағын соққыға жығып, өлтіріп, кейін мәйітті жасырмақ болған.