АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
"Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қайыр Өмірсадықұлы Рыскелдинов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды", — делінген хабарламада.
Қайыр Рыскелдинов 1968 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы зооветеринарлық институтын, 2008 жылы – "Фемида" заң академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша — мал дәрігері, заңгер.
Еңбек жолын 1986 жылы бастаған.
- 1986–1999 жылдары "Энергия" ұжымшарының қызметкері, республикалық ветеринариялық зертхананың жетекші маманы, бас мал дәрігері болып жұмыс істеді, сондай-ақ, Алматы облысы ІІБ қызмет етті.
- 1999–2004 жылдары "Орталық ветеринариялық зертхана" РМК-де басшылық қызметтер атқарып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Зеренді аудандық аумақтық басқармасын басқарған.
- 2004–2007 жылдары — Ақмола облысының Егіндікөл және Шортанды аудандары әкімінің орынбасары.
- 2012 жылдың шілде айынан бастап қазіргі таңға дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі лауазымын атқарған.
"Құрмет" орденімен марапатталған.