Саясат

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орман шаруашылығы комитетінің жаңа төрағасы мал дәрігері және заңгер мамандықтарын игерген

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Дана Жүнісова - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

"Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қайыр Өмірсадықұлы Рыскелдинов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды", — делінген хабарламада.

Қайыр Рыскелдинов 1968 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы зооветеринарлық институтын, 2008 жылы – "Фемида" заң академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша — мал дәрігері, заңгер.

Еңбек жолын 1986 жылы бастаған.

  • 1986–1999 жылдары "Энергия" ұжымшарының қызметкері, республикалық ветеринариялық зертхананың жетекші маманы, бас мал дәрігері болып жұмыс істеді, сондай-ақ, Алматы облысы ІІБ қызмет етті.
  • 1999–2004 жылдары "Орталық ветеринариялық зертхана" РМК-де басшылық қызметтер атқарып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Зеренді аудандық аумақтық басқармасын басқарған.
  • 2004–2007 жылдары — Ақмола облысының Егіндікөл және Шортанды аудандары әкімінің орынбасары.
  • 2012 жылдың шілде айынан бастап қазіргі таңға дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі лауазымын атқарған.

"Құрмет" орденімен марапатталған.

Жаңалықтар
0