АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik.Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Құжатқа сәйкес генерал-лейтенант әскери атағы Жанжүменов Талғат Жеңісұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлына, Өсіпов Марат Сапарұлына; сыртқы барлау генерал-лейтенанты арнаулы атағы Байжанов Ғабит Жақыпбайұлына берілді.
Сондай-ақ 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шенін Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлы; генерал-майор әскери атағын Абыкеев Ұларбек Ташықұлұлы, Әбубәкіров Қаныш Асанханұлы, Бочаров Дмитрий Владимирович, Көпбаев Қайрат Рашидұлы, Қалиев Арман Зарлықұлы, Ізтілеуов Серік Бақытжанұлы; авиация генерал-майоры әскери атағын Подгайский Евгений Евгеньевич алды.
Президент ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Оңғарбаев Сабыржан Ибрагимұлына, Рақымбердиев Бақытбек Төлешұлына; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Оразов Нұрлан Оразұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы Абисатов Махамбет Хайыржанұлына, Баймурзин Арманбек Хакімбекұлына, Қабденов Мұрат Талапұлына, Сүлейменов Жанат Қуанышұлына; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Дембаев Болат Бекназарұлына, Жылқыбаев Азамат Сембайұлына 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Әзбергенов Дулат Байдалыұлына табыстады.