АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін мемлекет басшысы бірқатар тұлғаны жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — "Қазақстанның Еңбек Ері" атағымен марапаттады: Есімов Ахметжан Смағұлұлы — "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы; Қуатов Руслан Тұржанұлы — "Тенгизшевройл" ЖШС менеджері, Атырау облысы; Үшкемпіров Жақсылық — "Жақсылық" ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.