Қоғам

Шымкентте бір отбасын қағып кеткен полицей шартты жазамен құтылды

Сотталушы жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан отбасын қағып кеткен, салдарынан 1980 жылы туған отағасы сол жерде көз жұмған
Sputnik

АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Шымкентте ОҚО ІІД Сайрам аудандық ІІБ бұрынғы бөлім басшысы Жандос Оразалиевке қатысты сот үкімі оқылды. 32 жастағы полицейлер әулетінің мүшесі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігімен, яғни "Жол ережесін бұзып, абайсызда адам өлтіргені" үшін сотталды, деп хабарлады otyrar.kz. 

Риддер әкімі орынбасарының адам қағып, қашқан сәтінің видеосы жарияланды

Сот тергеуі барысында 2017 жылдың 17 тамызында кешкі сағат 19.30-дар шамасында әпкесі М.М.Оразалиеваның атына рәсімделген "БМВ 520" маркалы автокөлікпен өз үйіне, яғни Ақсукентке қарай жол тартқан. Ешқандай рұқсат құжаттарсыз көлік мінген сотталушы №27 мектептің маңында жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан отбасын қағып кеткен.

Салдарынан 1980 жылы туған отағасы сол жерде көз жұмған. 7 жасар ұлы мен әйелі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген болатын. Оразалиевке 2 жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. 4 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Тағайындалған жаза шартты. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.