АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Швейцарияда жұмыссыз жүрген ресейлік әйел дәмханалардың бірінде шай пұлға байқаусызда 7700 Швейцария франкін (шамамен 7400 доллар) тастап кеткен, деп жазды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
20 Minuten және Blick басылымдарының хабарлауынша, Францияда тұратын 37 жастағы ресейлік Олеся Шемякова Швейцарияға сапары барысында Дитикон қаласындағы кәуапханаға кіреді. Тапсырыс құнын төлеу кезінде ол абайсызда шай ақысының орнына кредиттік картасының пин-кодын енгізіп жіберген. Осылайша 24 франктің орына 7700 франкке жуық қаржысын жұмсаған.
Ресейлік ақшаның артық жұмсалғанын ай соңында шығындар туралы деректерді алған кезде бір-ақ біледі. Ол дереу банк пен полицияға хабар берген, дегенмен олар қылмыс құрама анықталмағандықтан, көмектесе алмайтындықтарын айтқан. Кәуапхананың қожайыны Түркияға кетіп қалуына байланысты онымен хабарласа алмаған. Дегенмен, оның бауыры Шемякованың шығынын өтеп беруге уәде етіпті.