АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. Алматыда нөсер жауын болып, жолдар су астында қалды.
Қала тұрғындары желіде жарыса видео жариялап, су ағызатын кәріз жүйесіне шағымданып жатыр.
Синоптиктердің болжамы келді, олар бірінші мамырда Алматыда жаңбыр жауатынын ескерткен еді.
"Бір қызығы, көп жылдан бері осылай ғой. Жылда жаңбыр жауып, жылда осы жағдай қайталанады", — деп жазды тұрғындар.
Кейбір желі қолданушылары қала әкімі Бауыржан Байбекке "Алматыны әлемдегі ең үздік мегаполистің біріне айналдырмас" бұрын суағар жүйесін тәртіпке келтіруге кеңес берді.