Өңірлер

Алматы нөсер жауынның астында қалды

© Sputnik / Анатолий Устиненконөсер
нөсер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Cиноптиктер бірінші мамырда Алматыда жаңбыр жауатынын хабарлаған еді

АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. Алматыда нөсер жауын болып, жолдар су астында қалды.

Қала тұрғындары желіде жарыса видео жариялап, су ағызатын кәріз жүйесіне шағымданып жатыр.

Публикация от @kris_p_almaty Official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) 1 Май 2018 в 5:02 PDT

Синоптиктердің болжамы келді, олар бірінші мамырда Алматыда жаңбыр жауатынын ескерткен еді.

"Бір қызығы, көп жылдан бері осылай ғой. Жылда жаңбыр жауып, жылда осы жағдай қайталанады", — деп жазды тұрғындар.

Кейбір желі қолданушылары қала әкімі Бауыржан Байбекке "Алматыны әлемдегі ең үздік мегаполистің біріне айналдырмас" бұрын суағар жүйесін тәртіпке келтіруге кеңес берді.

 

Жаңалықтар
0